Сейсенбі күні метеорологиялық жағдай еліміздің алты қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлады ҚазАқпарат, Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Орал қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Пікір қосу