Ақпанның 2, 3 күндері Болгарияның София қаласында дзюдодан әйелдер арасында өткен Еуропаның ашық кубогінде Ақмарал Науатбек қола медальді қанжығасына байлады. Бұл туралы Olympic.kz сайты бөлісті.

Картинки по запросу ақмарал науатбек

Бұл сайысқа 28 мемлекеттен 177 спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 14 спортшы қатысып, нәтижесінде 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек қола жүлдеге ие болды. Ол алғашқы белдесуінде Испания өкілін жеңсе, топтан шығуға мүмкіндік беретін кездесуде Мелоди Вагарниден ұтылды.

 

Пікір қосу