Шетелге барып, білім алмақшы болған талапкерлерді жеке компаниялар алдап кеткен,-деп хабарлады Еуразия арнасының тілшісі.

Жеке компания 30-дан астам талапкерді Қытай, Корея, АҚШ-тағы университеттерге грантқа түсіреміз деп келіскен. Сонымен қатар, талапкерлердің ата-аналарынан ақша да жинаған. Тіпті, «ай сайын 500 долларға жуық стипендия алады» деп уәде берген. Алайда, нәтижесінде ешқандай оқу орнымен байланыс жасалмаған болып шықты. Шетелдегі оқу орындары ешқандай құжат қабылдамағандығын алға тартып отыр.  Ал, ата-ананың берген қаражаты қайда кеткені белгісіз.

«Бізден жаздық курсқа 2 750 доллар алды. Сосын тағы 160 доллар алды. Содан кейін университетте  стипендиямен оқытамыз деп бәріне 5 500 доллар алды. 8 710 доллар болды ғой», — дейді ата-ана Нұрланбек Махмұт.

Ал, ата-аналардың қолында университеттің мөрі басылған құжат жалған болып шыққан.

«Университетпен біз хабарласып көрдік. Олар , сіз бізге документтерді жіберген жоқсыз дейді. Егер жіберсеңіз, біз сізге шақыру қағазын жіберуші едік дейді. Бұрын-соңды алаяқтарды көрмегенмін. Мына адамға мен сендім. Барлығын істедім, барлығын жасадым, соңына дейін алдау дегенді мен бірінші рет көріп тұрмын. Өте жаман сезініп тұрмын өзімді», — дейді алданған талапкер Айжан Сағынбай.

Компания басшысы, визамен кеткен қателікті мойыдап, алайда ол студенттердің кәніс екендігін алға тартқан. Компания студенттердің қайтар жолының қаражасын төлеген. Басышының айтуынша, бұл шетелдегі университтердің жауабын ұзақ күтуіне байланысты туындағы түсініспеушілік дейді.

 

 

Пікір қосу