Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан «Азиада-2018» туринирінде қазақстандық спортшылар қатысуда. Және бүгінгі күнге дейін спортшыларымыз еліміздің қоржынына алтын,күміс, қоланы да салды. Алайда, халық алдында жүрген азаматтар спортшыларымыздың өнерін ешқандай қазақстандық арналардан көре алмай жатқандығын айтып, ызасын жеткізді.

«»Азиада-2018″ ойындары неге қазақстандық арналарымыздан көрсетпейді? Өзбек арналарынан көріп отырмыз. Ұят емес пе?»,- деп жазды депутат, әрі актер Асылхан Төлепов.

Ал, Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов қазақстандық спорттық арналарды сынға алып, Өзбекстаннан үлгі алуды талап етті.

» Бүгінде Индонезияда Азия ойындары өтіп жатыр. Алайда біз арналарымыздан дұрыстап оындарды көріп, спортшыларымызға қолдау көрсете алмай отырмыз. Біздің спортшыларымыз еліміздің намысы үшін жанын беріп бақталасуда, ал біздің ел болса, тіпті, оларды тікелей эфирде көрсете алуға мүмкіндігі жоқ! Егерде әлемдік турнирлердің бірін көрсете алмаса,  «ҚазСпорт» арнасының не керегі бар? Маңызды турнирді көрсетудің орнына, 45-жылғы ешкім көрмейтін футболды көрсетуде. Өзбек ағайындарымыздан үлгі алайық!

  Егерде біз  Азия ойындарын қазақстандық арналардан көрсетсек, жас жеткіншектеріміздің спортқа деген құлшынысын ашар едік. Оның үстіне қазір балалар жазғы демалыста. Біздің елде барлық әрекет теріс істелінеді. Қашанғы шыдаймыз?! «,-деп жазды Қуат Хамитов өзінің парақшасында.

 

Пікір қосу