• Бұл жобаға қатысуға кім себепкер болды?
  • «Голос дети» байқауына қатысуды бұрыннан армандайтынмын. Бірақ осыған дейін бұл додаға қатысуға әлі де өзімді дайын емес сияқты сезіндім. Алайда вокалдан сабақ беретін мұғалімім Наталья Александровна Чуракова менің осы сайысқа қатысуымды қалап, дайындады. Сөйтіп, бағымды сынап көруге бел будым.
  • Жеңіске жетемін деп ойладың ба?
  • Сайысқа қатысуға келген кез келген бала жеңіске жетуді ойлайды. Ал мен «ең болмағанда бірінші кезеңнен өтсем ғой» деп армандадым.Related image
  • Қарсыластарың мықты болды ма?
  • Әрине, мықты болды. Қасыңнан талантты балаларды көрген кезде, сен өзіңнің олардан көп нәрсені үйреніп, әлі де алға ұмтылуың керек екенін түсінесің. Сол себептен жолыққан әрбір адам менің шығармашылық тұрғыдан шыңдалуыма әсер етті деп ойлаймын. Барлығына алғысым шексіз.
  • Алғашқы турда Деми Ловатоның «Stong gold» әнін орындап, қазылар алқасын өзіңе қараттың. Бұл әнді бұрыннан сүйіп орындаушы ма едің?
  • Бұл әнді маған мұғалімім Наталья таңдап берді. Әрі маған бұл ән қатты ұнады. Мен ол әнді «Еуропа үміті» сайысында орындағанмын, екінші рет «Голос дети» байқауында айттым. Ал финалда «Не твоя война» атты композицияны орындап, «Голос дети» шоуының төртінші маусымының жеңімпазы болдым. Жалпы, финал мен суперфиналда 5 ән орындадым. Сондай-ақ «Елдің бала дауысы» атағын иелендім және Disneyland Paris-де саяхаттауға жолдама берді.Image result for данэлия тулешова
  • Қай кезден бастап ән айта бастадың?
  • Мен бала кезімнен ән айтамын. Ал вокалмен шығармашылық түрде мұғалімім Натальямен кездескен кезден бастап айналыстым. Ол менің дауысымды қалай дұрыс қолдану керектігін үйретті.
  • Бұдан өзге тағы қандай байқауларға қатыстың?
  • Мен көп конкурсқа қатысқан жоқпын. Қазақстанда өткен «Аялаған Астана» конкурсына қатысып – Гран-приді, яғни «көрермендер көзайымын» жеңіп алдым. Одан кейін «Еуропа Үміті» конкурсына қатысып, тағы да Гран-при иегері атандым.
  • «Голос дети» байқауында жеңіске жеткеніңді естіп, Инстаграм желісінде өзіңді әнші Димаш Құдайбергенов құттықтады. Қандай сезімде болдың? Жалпы, Димаш сені бұрыннан білуші ме еді?
  • Музыкамен айналысатын атақты адамдар менің өнерімді бағалап, мен туралы мақтау айтып жатқандары маған ұнайды, әрине. Бұл мен үшін қуаныш. Димаш ағамен 2015 жылы «Мерейлі отбасы» концертінде танысқанмын. Мен ол кісіні өте қатты құрметтеймін. Ол өте қарапайым, мінезі ашық, жақсы адам. Ол мені құттықтап, ақылын айтты.
  • Байқаудан кейін өзіңді Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы қабылдап, құттықтады. Кездесу қалай болды?
  • Біз Киевтен келген күннің ертеңіне анам екеуміз министрдің қабылдауында болдық. Менің өнерімді бағалап, құрмет көрсеткені үшін өте қуаныштымын. Кездесу өте жақсы өтті. А.Мұхамедиұлы мырза бізді жылы қабылдады.Related image
  • Одан соң Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен жолығудың да сәті түсіпті…
  • Мен Алматы қалалық әкімшілігі ұйымдастырған Жаңа жылдық шыршаға қатыстым. Ол жерде балаларға арнап ән айттым. Әкім Бауыржан Байбек мырза мені арнайы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
  • Отбасың туралы да айта қойшы, ата-анаңның есімі кім? Олар немен айналысады?
  • Біз үлкен отбасымыз. Атам, апам барлығымыз бірге тұрамыз. Әкемнің аты-жөні – Александр Сергеевич Төлешов, ал анамның аты-жөні – Елена Маратовна Төлешова. Анам жұмыс істемейді, біздің тәрбиемізбен айналысады. Ал әкем – кәсіпкер, біз үшін жұмыс істеп, ақша табады.

    Related image
    анасымен
  • Болашақта кім болуды армандайсың?
  • Болашақта кім болатыным туралы әлі ойланғаным жоқ. Дегенмен, мен өте талапшыл, мақсатқа жетуді көздейтін қызбын. Мен дұрыс таңдау жасауым қажет, ол үшін қазірден сабағымды жақсы оқып, білім алып, университетке түсуім керек.
  • Музыка мектебінде оқисың ба?
  • Мен музыкалық мектептің бір сыныбын ғана оқығанмын. Өкінішке орай, білімімді әрі қарай жалғастыруға уақытым болмай жатыр. Бірақ мен әлі сольфеджионы өз мұғаліміммен бірге жалғастырып оқимын. Вокалға мені «Юна» продюсерлік орталығында жұмыс істейтін Наталья Александровна Чуракова үйретіп жатыр.
  • Сабағың қалай?
  • Мен Алматы қаласындағы №56 мектепте оқимын. Сабағымды жақсы оқуға барынша тырысамын. Әйтсе де, өкінішке орай, осы тоқсанда мен сабақтан көп қалдым. Сол себептен қазір бағдарламаны қуып жетуге тырысып жатырмын. Жақсы аяқтаймын деп үміттенемін.
  • Қай пәнді сүйіп оқисың?
  • Мен математиканы жақсы көремін. Есептерді шешіп, тапсырмаларды орындаған маған ұнайды.
  • Бойыңда тағы қандай өнерің бар?
  • Сурет салғанды, күлкілі бейнероликтер түсіргенді ұнатамын. Ән айтып, би билегенді жаным жақсы көреді. Басқа нәрсемен айналысуға шынымды айтсам, уақытым жоқ.

                                                                    Сұхбаттасқан Самал ӘДІГЕНҚЫЗЫ

Пікір қосу