Халықты күдігі расталғандай… Белгілі тележүргізуші, актер Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова шаңырақ көтерді. Кеше ғана Альбинаның ұзатуы тойы өтті. Той қонағы атанған өнер иелері әлеуметтік желі де екі жасқа бақыт тілеп, ізгі-тілектерін білдірді.
Альбинаны әнші Мадина Сәдуақасованың өзі әнімен ұзатып шығарып салды.
«Осы ұзатуда ерекше толқыдым, көзіме еріксіз жас келе берді. Мүмкін, ұзатылып жатқан қыз өзім сияқты сахнаны сүйетін, әнші қыз болғандықтан шығар. Шын жүрегімнен, Альбинаға ақ жол тілеймін, барған жеріңді бақытты қылып, өзің де бақытты бол жаным. Бауыржан қондырған құсың құтты болсын!»,- деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Естеріңізге сала кетсек, Бауыржан осыған дейін Мөлдір есімді қызбен шаңырақ көтерген еді. Алайда, бұл неке сәтсіз аяқталып, ажырасқан.
Ал, Альбина әнші Қуандық Рахыммен орындаған дуэтінен кейін, ел ішінде өнерімен танылған.