Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы аудандық соты Сайрагүл Сауытбайды алты ай шартты жаза кесіп, Қазақстанда қалдыру туралы үкім шығарды.
Сот үкімі бойынша, Сайрагүл Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталды. Алайда, Сайрагүлдің шекарадан отбасымен көрісу мақсатында істелген әрекет болғандығы үшін, «ауыр қылмыс емес» деп есептеді.
Сот отырысынан соң, Сайрагүл Сауытбай қамаудан босатылды.