Алматыда қаласында автобустар соқтығысып, нəтижесінде он сегіз жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«22 шілде күні сағат 09.58-де жедел жəрдем стансасы пультіне көлік апаты туралы хабар түсті. Оқиға орнына 10 қызметкер шықты. Сағат 10.06-де жедел жəрдем тобы апат орнына жетті. Қала клиникасына 18 зардап шегуші жеткізілді. Олардың əрқайсысы түрлі жарақат алған. Оларға тексеру жасалып, қажетті медициналық көмек көрсетілді»,- деді басқарманың баспасөз қызметі.
Жарақат алғандардың арасында балаларда бар.