Өзінің шығармашылық жұмысымен қоса, жеке өмірімен жұртты қызықтырған Баян Мақсатқызы ажырасты ма?! Бұл сұрақ көптеген оқырмандарды қызықтырды. Себебі, продюсер Баян Мақсатқызы жеке парақшасында күйеуі Тұрсын Алагөзовпен түскен суретін жүктеп, қоштасу сөздерін жазғандай болды.
«Әрбір бақытты сәттер үшін рахмет. Бірақ, ештеңе шықпады, өкініштісі..» -,деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары жұптың ажырасып-ажыраспағанын білмей әлек. Оқырмандардың басым көпшілігі продюсердің бұл әрекетін «пиар»ретінде бағалады.