Бірде айырылысып, бірде қосылған жұп махаббат хикаяларына соңғы нүктесін қойды. Белгілі әнші Ақбота Сейітмағанбет пен әртіс Дәурен Айдарқұлов ресми түрде некелерін қиып, ерлі-зайыпты атанды. Жас жұбайлар неке куәілігімен түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялап, жұрттан сүйінші сұрады. Бұл суреттен кейін халық өздерін мазалаған «екеуі қосылды ма, жоқ па?» деген сұрақтарына нақты жауабын алды.
Сонымен қатар, кішкентай ұлдарының 1 жасқа толған туған күн кешін өткізіп, тұсауын кесті. Осылайша бір үйде екі қуаныш орын алды.