Жақында ғана Гакку арнасы өзінің мерейтойына эстрада әншілерін шақырған еді. Мерейтойда жұлдыдар көңіл көтеріп, бір-бірлеп сахнаға шығып ән орындады. Солардың қатарында жаңадан құрамы өзгерген «BN» тобы да бар. Топтан кейін сахнаға шыққан продюсер Алуа Қонарова топ мүшелерін сынап тастады
-«»BN» тобының әнінен кейін құлағым естімей қалғандай болды. Өз-өзіме келіп алайын. Мен балаларға айттым. Вокалға қатысып, ән айтуды үйренсің. Бұлай болмайды » деді.
Ал, топтың продюсері Еркебұлан Молдашев бұл пікірмен келіспейтіндігін айта кетті.
» «BN» тобының мұшелері ән айта алады. Және жанды дауыста да ән орындай алады. Тек топ құрамына жаңадан Ақниет қарындасымыз қосылды. Алғаш сахнаға шығып тұрған соң, уайымдайды. Олар бала болған соң, қобалжиды ғой. Ал мұндай танымал кісілердің көзқарасы бізге маңызды емес «