6 мамырда таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде кездесуде Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.
Мұнымен қоса ол 5 мамыр күні өтуі тиіс болған жекпе-жекке қатысты Сауль «Канело» Альвареске қаратып үндеу жасады.
«Мен кез келген қарсыласқа дайынмын. Егер де «Канело» жекпе-жекке дайын болса, мен де дайынмын. Мен көп жылдар бойы чемпиондығымды сақтап келемін. Менің белдіктерімді алғыларың келе ме? Онда жекпе-жекке шығып, тырысып көріңіздер», — деді Генадий Головкин.
Бұдан бөлек Геннадий жанкүйерлеріне бірнеше тілде әлеуметтік желі арқылы өз алғысын айтып үлгерді.
«Қолдау жасағандардың барлығына үлкен рахмет! Thanks a lot to all my fans for your support! Muchas gracias!»,- деп жазды GGG.