Мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде ағылшын тілінде де тапсыратын болды.Ағылшын тілінде 2000-2007 жылынан бастап ағылшын тілінде білім алып жатқан оқушылар таңдауы мүмкін деген болжам жасалуда. Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ағылшын тіліндегі сұрақтар дайын және қазақ тіліндегі сұрақтардан еш айырмашылығы жоқ.
“Сіздер білесіздер, ережеге сәйкес бізде база 10 наурыздан бастап ашылады. Мамыр айының ортасына дейін түлектер ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш бере алады. База енді ашылғандықтан қанша бала ағылшын тілінде тапсыратынын айта алмаймыз. Оқушылар саны мамыр айында белгілі болады”, — деді Аймағамбетов.
“Ағылшын тілінде сұрақтар базасын дайындап қойдық. Министрлік те, ұлттық тестілеу орталығы да ҰБТ-ны жоғары деңгейде өткізуге дайын. Ағылшын тіліндегі барлық сұрақ мемлекеттік стандарттың оқу бағдарламасы аясында. Сұрақтар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болсын, мазмұны бойынша бір-бірінен ерекшеленбейді”, — деді вице-министр.