Әлеуметтік желіде сымбаттылығымен көп қыздың арманына айналған Димаш Әділет бойдақтықпен қоштасқан ба? Ол инстарам желісіне неке қағазына қол қойып жатқан суретін жүктеді. Енді, ғашық болған қыздар оның өзінің үйленгенін немесе күйеу жолдас болғанын білмей әлек.

Бір оқырмандар қолынан неке жүзігін байқап, «Димаштың үйленуі» десе, біреулер 1 сәуірге орай, қалжың ретін салған шығар деп болжам жасады.

Димаш Әділет тек сымбаттылығымен ғана емес, ақылдылығымен ерекшеленеді. 2016 жылы Димаш Әділет IQ тестін жоғары нәтижемен тапсырып, әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына қосылды. Ол – Қазақстан тумасы, Гарвард университетінің түлегі. Сонымен қоса, дүниедегі IQ ең жоғары адамдардан құралған халықаралық Mensa International ұйымының мүшесі.

Пікір қосу