Белгілі әнші Диана Шарапова өзінің «Шарапова» деген тегін дөрекі санап, «Шарипова» деп ауыстырып тастағанын мәлімдеді.
«Мені құттықтай берсеңіздер болады, енді мен Динара Шариповамын. Жалпы қазақстандықтарға менің жаңа есімім қолайлы деп ойлаймын. Шарапова дөрекілеу естілетін сияқты, себебі ағылшын тілінде «шатап» (shut up) сөзі «аузыңды жап» дегенді білдіреді. Ал қазақ тілінде «шарап» – ол ішімдік. Бірақ оны елдің бәрі іше бермейді, тіпті кейбіреулер үшін ол тыйым салынған зат.
Сондықтан да Шарипова деген тегім жақсы естіледі деп шештім. Сол сияқты Динара есімі де шығыс халықтары үшін үйреншікті. Араб тілінен аударғанда Динара «бағалы» дегенді білдіреді. Мінеки, мен ресми түрде Динара Шарипова болдым», – дейді әнші.