27 наурыз Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығына тағы да өрт шықты. Бұл туралы Mash Telegram хабарлады.
Төменгі қабаттағы эскалатордың бірінің астына түтін шыққан. Өрт сөндірушілер тез арада отты өшіріп үлгерді. Өрт алауы 5 шаршы метрге дейін тарап кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.