Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпия ойындарының үшінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Фристайлшы қызымыз Юлия Галышева қола жұлдені қанжығасына байлады. Юлия гранд финалда 77,40 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.
Күміс жүлдені канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант (78,56) иеленсе, франциялық Перрин Лаффон (78,65) Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы атанды.