Еске салсақ, отандық БАҚ-тың бірінде Мөлдір Әуелбекованың сұхбаты «Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі» деген атаумен жария болған еді. Баян Мақсатқызы да оның бұл сөздеріне жауап қайтарды.
«Молечка, қалжыңдап отырған жоқсың ба? Сен ойдан шығаруға қабілетті екенсің. Әсіресе өзіңнің талаптарың және тағы да басқа туралы «әдемілеп тұрып» айтыпсың, жарайсың. Бәлкім, бірге сұхбат беріп, көзіме тік қарап осының барлығын қайта айтып берсек қайтеді?! Шындықтың бетін ашайық. Моля, мен БАҚ өкілдерімен өзім келісемін. Дегенмен, БАҚ асыра сілтеп, жарияланған материал өтірік болып шығады деген үміттемін», — деп жазды ол
Еске салсақ, өзара тіл табыспай қалған Баян мен Мөлдірдің ара-қатынасы әлі күнге дейін орнына келмеген. Олар бірнеше жылдан бері, бірге жұмыс істеулерін тоқтатқан. Бұған дейін Бағым Мухитдинова да Мөлдір Әуелбековамен қарым-қатынас дұрыс емес екендігі туралы сұхбат берген.