«Брат или Брак» фильмінің продюсері Құралай Анарбекова жаңа жоба бастағалы жатқындығы туралы жеке парақшасында бөлісті.

«Жаңа жоба! Түсіргелі жатқан фильм туралы кішкене ақпарат кетсем. Фильмнің басты тақырыбы «банк тонауға» байланысты. Алайда, ешқандай зорлық, қан-төгіс эпизодтары болмайды. Фильм комедия жанрында түсіріледі. Сценарийге Алишер Утев пен Арыстан Каунев жауапты»-деді продюсер.

Ескере кетсек, Құралай Анарбекова, Алишер Утев, Арыстан Кауневтің жобаларының бірі «Брат или Брак» фильмі кассалық табысы бойынша отандық кино саласында рекордты жаңартты.

 

Пікір қосу