Мәскеуге көшіп, Ресей Федерациясы атынан өнер көрсетіп жүрген 13 жастағы қазақтың шахматшы қызы Бибісара Асаубаеваға қатысты дау шықты. 2017 жылғы қыркүйекте ресейлік жаттықтырушы Соложенкин жас дарынды шахматшыны «алаяқ» деп айыптаған. Нақтыласақ, ол күзде өткен шахматтан әлем чемпионатынан кейін «Бибісара электронды көмек пен гроссмейстерлердің кеңесіне жүгінді» деген материал жариялаған. Бұл — шахмат әлемінде өте үлкен қылмыс.

Алайда шахматтан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар Бибісара Асаубаеваға қатысты ешқандай ереже бұзушылықты анықтамағанын айтады. «Ойын барысында ойыншының қандай да бір электронды құрылғыны, телефонды қолданып отырауы мүмкін емес» дейді ұйымдастыраушылар.

Жас шахматшыға танылған айыптауларға қатысты танымал адвокат Александр Добровинский өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Бибісара Асаубаеваны қорғайтынын жазған. Сондай-ақ, ол өз жазбасында жас шахматшыға қатысты іс жайлы да баяндаған.

Бәріміз де біздің спортшыларымыз жайлы үнемі сөз тасып жүретін Григорий Родченков есімді азаматты білетін болармыз. Менің ойымша ол нағыз оңбаған адам.Кіп-кішкентай шахматшы қыздың артынан өсек әңгіме мен сөз тасытып отыраған бұл адамды басқа кім деп айтуға болады? Бұл дәлелі жоқ жаласының кесірінен кішкентай қыздың болашағына зарар тиетінін түсіне ме екен ол? Оның үстіне бұл кісі шахматтан Ресей құрамасынының бас бапкері….әрі шахматтан жақсы нәтиже көрсете алмай келе жатқан бір шахматшының әкесі. Мен бұл қаршадай қызды ақтап аламын! БІзге сәттілік тілеңіздер!

Атап өтсек, Бибісара Асаубаева – шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы. 2017 жылы ол 14 жасқа дейінгі әлемнің вице-чемпионы атанған. Тараз қаласының тумасы бірнеше мәрте Қазақстан чемпоны атағына ие болып, 7 жасында халықаралық деңгейде шебер атанған.

Осы оқиғаға орай, жас шахматшы Бибісара Асаубааеваның «Жұлдыздар отбасы» журналына Ресейге қоныс аударуына байланысты сұхбатын ұсынып отырмыз:

Ресейге кетуіме басқа да себептер болды…

  • Бибісара, Мәскеуге үйреніп қалдың ба?
  • Мәскеу маған қатты ұнайды. Мұнда маған қолдау көрсететін адамдар көп.
  • Дегенмен өз отаның Қазақстанды сағынатын боларсың?
  • Әрине, сағынамын.
  • Болашақта саған Қазақстаннан жақсы ұсыныстар түсіп жатса, қайта елге ораласың ба?
  • Білмеймін. Мен небәрі 12 жастамын. Бұл сұрақты анама қойғаныңыз жөн.Мен Қазақстаннан жақсы ұсыныстар болмағандықтан кеткен жоқпын. Ресейге кетуіме басқа да себептер болды.Кетер алдында әкем «Ресейдің туын асқақтат, алайда кіндік қаның тамған туған жеріңді ұмытпа! -деді. Мен әкемнің үмітін ақтағым келеді.

                                                                    Сұхбаттасқан Самал Әдігенқызы

 

 

Пікір қосу