Қазақстандық танымал әншілер Жігер Ауыпбаев пен Гүлнұр Оразымбетованың жақында ғана тыңдарманға жол тартқан «Өзің ғана» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны халықтың ерекше ықыласына ие болды.
Шамамен он жыл бұрын жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің орындауында жарыққа шыққан «Өзің ғана» әні көпшілікке таныс. Тіпті өз уақытында хит болған туындыны Жігер мен Гүлнұр қайтадан тыңдарман қауымға ұсынған.Олар әнді жаздырып қана қоймай, бейнебаян те түсіріп үлгеріпті. Бейнебаян жарық көргеннен кейін қос әншіге жақсы пікірлер айтылуда.
Олардың басым бөлігі «Өте сәтті шыққан дуэт! Ескі әндерімізді осылай жаңғырта беріңіздер!Қазаққа қазақтың əні ортақ! Екеуі де халықты мойындатқан әншілер»деген жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Сондай-ақ, тыңдармандардың көпшілігі Жігер Ауыпбаевтың ерекше дауысына жоғары баға берді.