Жапония императоры Ахикитоның туған күніне орай ұйымдастырылған Жапония елшілігінің қабылдау кезінде, «Невада-Семей» халықаралық ядролық қару жарақ қолдануға қарсу тұрышы, саясаткер, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Жапон үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жапония елшісі Итиро Кабавата Жапония мен Қазақстан арасындаағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығайып, ядролық қарусыздану жолында бірге жұмыс жүргізіп жатқандығын айтып, жиналған қауымды екі ел арасындағы саяси қатынастың 25 жылдығымен құттықтады.
«Мен Қазақстанда және Еуропада Жапония елшіліктерінің түрлі қабылдауларында болдым. Ал бүгін бірінші рет орденмен қайтқалы тұрмын. Жапонияға бірнеше рет сапарлап барғанмын, алғаш барған сәттен бері жапон халқын, жапон мәдениетін, оның үлкен зияткерлік және рухани әлеуетін ерекше құрметтеймін», — деп Олжас Сүлейменов өз ризашылығын білдірді.
Ескере кетсек, Қазақстаннан Жапония үкіметінің орденімен марапатталған үшінші тұлға. Осы күнге дейін Жапония үкіметінің орденімен 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев марапатталса, 2006 жылы жапон тұтқындарының зиратын іздеумен айналысқан тарихы Асқанбек Алданазарв марапатталған.