«Шаншар» әзіл-ысқақ театрының мүшесі, актер Жүсіп Ақшора Айжан есімді қызын ұзатты. Қазақтың дәстүрімен қызын ұзатып, тойда түскен суреттерін әлеуметік желідегі өз парақшасында жариялап халықпен бөлісті.
Эстрада жұлдызы Заттыбек Көпбосынұлы, «Адараспан» театрының әртісі Нұржан Төлендиев және де Дәулет Бижанов, Дәнекер Оразбай тойдың сыйлы қонағы болды.
Қызының болашақ жарының есімі Ерлан. Әкесі Жүсіп Ақшора екі жасқа ізгі тілектерін өлең жолдарымен жеткізіп, келген қонақтарға алғысын білдірді.