Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын тапсырды. Н.Назарбаевтың ҚР-ның президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездескені үшін. Бұл туралы  juldyz.kz сайтф КирТаг-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР-ның президенттігіне кандидаттардың бірімен кездесіп қолдау сөз айтқанын түсінбеді. Достық қарым-қатынастағы Қазақстан басшысы Қырғыз елінің ішкі мәселесіне араласпаймын деп айтқанымен оның сөзі аталған кандидатты қолдайтынын аңғартады», — деп жазылған наразылық нотасында.

Қырғыз жағы Елбасының сөзімен Ө. Бабанов арасындағы кездесудің Қазақстан БАҚ-да таратылуы алдағы сайлауға әсер ету әрекеті мен Қырғыз Республикасының ішкі мәселесіне араласу деп біледі.

 

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан президенті Н. Әбішұлы ҚР-ның үкімет басшысы, «Ата-Жұрт» партиясының мүшесі, президенттікке үміткер Өмірбек Бабановты қабылдаған болатын.

Пікір қосу