Жақында ғана әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған едік. Енді әншінің үшінші жолдасының тегіне өткені мәлім болды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Ақбота Керімбекованың «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында тегінің ауысатындығын айтты. Енді әнші Ақбота Дәулетова болады.
Рауанның анасы Тотия ханым болса баласының бақытын тапқанына, әнші Ақботаның өз келіні атанғанына қуанышты екенін жасырмады.
«Рауан баланың кенжесі. Мені «Мама» дейтін бір өзі ғана. Ақбота келіп «Мама» дегенде жүрегің қалай елжіремейді? Ақбота өзінің қылығымен, сүйкімділігімен, қарапайымдылығымен баурап алды. Менің негізі келіннен салымым жақсы. Бұрынғы келінім де мәдениетті, қарапайым, жақсы болды. Бірақ өзінің әкесінің тапсырып кеткен аманатын орындаймын, бауырларыма қарайлаймын деп біздің рұқсатымызбенен кетті. Ал біздің ұлымыз Рауан өнерді қалады. Ол келіннен біздің немереміз бар. Келіндерімді бұрынғы, қазіргі деп бөлмеймін» -дейді.
Дереккөз: Reactor