Қазақстан қор биржасында таңертеңгі саудада  АҚШ валютасының бағамы 340 теңгеден асты. 49 миллион доллар сатылған сауда барысында теңгенің орташа бағамы 340, 01 теңгені құрады. Соңғы жарты жылда  доллардың ең төменгі бағамы 310,57 теңге болған еді.

Бүгін Алматыда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БАҰ-ның өкілдерімен кездесті. Данияр Талғатұлының айтуынша Ұлттық банк теңгені нығайту үшін барлық жұмыстарды атқарады. Алайда ол үшін экономикадағы әр сала мықты болу тиіс. Экономикамыз шикізатқа тәуелді  болғандықтан мұнай мен газдың халықаралық нарықтағы бағасының өзгеруі әсер етеді.

Өз тілшіміз

Пікір қосу