Ақбота Сейтмағамбет:
Қайырлы кеш, достар! Бүгін бірінші рет мен өзімнің мықты екенімді және барлығына дайын екенімді сезіндім. Жоғарыдан жеткен, алдымнан шыққан әрбір сабақ үшін тағдырыма ризамын.
Артымнан әңгіме айтқандар, өзінің пікірін тықпалап, жеке өміріме қол сұққандар, рахмет барлығына. Сіздер менің иммунитетімді қалыптастырдыңыздар, маған өмір сүруге, ойнап-күлуге күш бердіңіздер. Бүгін мен барлығын ашық айтып, бұл әңгіменің нүктесін қойғым келеді.
Бұрынғы күйеуіммен арамызда болған оқиғаларды білгілеріңіз келіп еді ғой?! Мен ол адамды босатуды, ешқандай кінә артпауды жөн көрдім. Сіздер оның бірінші, одан кейін екінші және міне үшінші отбасынан не үшін кеткенін білмейсіздер. Оның әрбір ісін өзінің арына қалдырдым. 10 әйелді тастап кетсе де, бақытты болсын деймін.
Қазіргі таңдағы менің басты бақытым – мені ұлым. Сол үшін барлығына дайынмын. Жалғыз қалды деп мені аяп, мүсіркемей-ақ қойыңыздар. Жанымда өзімнің сүйікті інім мен жақындарым бар.