Бүгінгі күні «талант» деп ерекше дарын мен қабілет иесін айтып жүрміз. Ал осы сөздің этимологиясын білетіндер аз. Juldyz.kz айтып береді.
Талант (talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Марат Қабанбаев:
Талант – ескі рим сөзі. Таза алтыннан құйылған, су астына жүз жыл тастасаң да тат баспайтын ақша бірлігі. Кедей-кепшік алыстан көргеніне мәз, патша-патрицийлердің қалтасында ғана жүретін қымбат ақша. Келе-келе бұл сөз біртуар, аса қабілетті адамдарға арнап айтыла бастады. Ондай жампоздар ұлт үщін алтыннан ардақты, күмістен салмақты деген ым ғой.