Алты адамды қағып, бір адам қайтыс болған жол оқиғасы арқылы бүкіл Қазақстанға танымал болған Мақсат Үсенов есірткі ісі бойынша Алматыдағы Алмалы аудандық сотында жауапқа тартылды. Бұл туралы juldyz.kz patrul сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотта Мақсат Үсенов марихуананы қалай тауып алғанын айтып берді. Жандосов көшесіндегі мейрамханадан түстеніп шыққан Үсенов Әуезов көшесінің қиылысында аяқастындағы қорапшаға көзі түсіп бір тебеді. Сол сәтте қорапша ашылып қалып, ішіндегі жасыл түсті үгітілген шөпті көреді де қалтасына сала салады. Содан кейін «QWERTY» компютер клубына барады. Клубтан шығып есептескенде тапқан затын аңғарып қалай шеккенін өзі түсінбей қалған. Айыпталушы сотта  бұл есіткіге жататын шөпті өмірінде бірінші рет  шеккенін мойындаған. Және енді ондай оғаш қылық жасамайтынын айтып сөз беріпті. Полиция өкілдері М. Үсеновты және одан табылған қорапшадағы затты медициналық тексерістен өткізген. Экспертиза Үсеновтың есірткі пайдаланғанын айғақтаған. Марихуана салмағы 2,26 гр.

Сот Мақсат Қажымұратұлы  Үсеновті ҚК-тің 296 бабының  2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып 200 АЕК айыппұл салған. Яғни 453 800 теңге төлеуді міндеттеген.  

 

Пікір қосу