Грузин халқының әндері мен билерін тамашалап отырып, олардың өмірге деген талпынысы мен өмірді сүйетіндігін аңғаруға болады. Сондықтан орыстардың «грузиндер әнменен дүниеге келіп, әнмен жерленеді» деген осы ұлт өкілдерінің өнерге деген сүйіспеншілігіне қайран қап айтқан көпшілікке кең тараған осындай сөздері бар.
Мысалы, грузиндердің Картули (Лезгинка) биін тамашалар болсаңыз, ер жігіттің өз қалыңдығын қатты сүйетіндігін би арқылы жеткізетінін аңғартады. Сондай-ақ, грузиндердің Хоруми деп аталатын тек қана ерлер билейтін биі көрермендерін өзіне баурап ап тамсандырары сөзсіз. Бұл биді 40 адамға дейін бірігіп те бейлей береді. Осы биімен грузин жігіттері жорық кезіндегі (соғыс) іс-қимылдарын көрсетіп, айбынды, сондай-ақ, әп-сәтте өз қарсыласын соққыға жығатындарын тамаша бейнелейді және пышақ, қаншар секілді қаруларды әккі қолданатындарын да көрсете білген.
Ачарули деп аталатын биі өзінің қайталанбас ақылға сыйымсыз қимылдары арқылы өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл би түрін көбіне көп бойдақ ер жігіт пен күйеуге шықпаған қыздары орындайды.
Бүгінгі күні ютуб желісінде аңғарар болсаңыз, грузин халқы өздерінң ұлттық билерін керемет насихаттайтынын байқайсыз. Соның бірі төмендегі видеодан көріңіз. Грузи