Алматының ең сұлу аруы анықталды. Бүгін «Мисс Алматы-2017» байқауы өз мәресіне жетті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Үлкен сайыс кезеңдерінен тұратын сұлулық байқауының жеңісмпазы – 17 жастағы Сабина Әзімбаева. Сабина –  Тұран колледжінің студенті. Сайыста қатысушы басына кесе қойып, ұйғыр биін биледі. Демеушілердің арқасында жеңімпаз 10 млн теңге көлемінде сыйлық алып қана қоймай, «Қазақстан аруы-2017» мен «Әлем аруы-2018» байқауларына жолдама ұтып алды.

Сабина ӘЗІМБАЕВА, Мисс Алматы-2017:

Әлем аруы байқауында барымды салатын боламын. Мен үнемі байқауларға қатысып келемін. Олардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Алайда жеңетініме үміт бар. Еңбегім зая кетпегеніне қуанып тұрмын.

 

Пікір қосу