«Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен актер Саят Исембаев екеуі көңіл жарастырып жүр». Бұл желілерде тарап кеткен әңгіме. Соған байланысты, бұның рас-өтірігін айтыскер «Ел аузында»  бағдарламасында жауап берген екен. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

А.Тұрсынбаева Саят Исембаевпен Қытайда танысқандығын және оған дейін тек сырттай ғана киножұлдыз ретінде білетіндігін жеткізген.  Саят мырзаға қатты сүйсінгендігін айтып, желілерді сол үшін жүктегендігін айтып берді.

Еске сала кетейік, Саят Исембаев – «Рекетир» фильміндегі Саянның рөлін сомдаған актер.

 

Пікір қосу