Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жаңа ғана тағы да екі қазақ боксшысы жеңіске жетті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды. Бокс бәсекесін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

72 келідегі Айдос Ербосынұлы  аргентиналық қарсыласы  Джонатан Джеронимо Барбадильоны үш рет ұрып құлатып, бірінші раутта-ақ жеңіске жетті.80 келіде өнер көрсететін Әли Ахмедов 8-ші жекпе-жегінде америкалық боксшы Джастин Томастан басым түсті. 8 раунттық кездесуде екі рет сұлатты. Соңғы раунтта төрешілер жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Соңғы раунттарда қарсыласын ұуалап жүріп сабаған Әлидің бір соққысы Джастинді есеңгіретіп тастады.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласы Исмаэл Буэноныді 50 секунтта рингтің сыртана ұрып шығарып, жеңген еді.

 

 

 

 

Пікір қосу