Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов еркіндікке шығады. Оның жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауысады екен. Бұндай ақпаратты  Today.kz-ке өз дерек көзіне сүйеніп таратты.

Today.kz сайтының хабарлауынша Серік Ахметовке қатысты шешім 21 қыркүйекте заңды күшіне енеді. Экс-шенеунік 159/18 колониясында өзін жақсы қырынан көрсетіп, келтірген шығынды толық өтеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды сотында бұрыңғы үкімет басшысын 10 жылға соттап, дүнией-мүлкін тәркілеген. Ол «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «өкілетін асыра қолданды» деп айыпталған болатын. .

Серік Ахметовтың соттағы сөзі

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сенімін ақтамағаным үшін шынайы кешірім өтінемін. Маған бола Қарағанды облысында осындай ахуал туғанына, оны ойлап мемлекет басшысының қайғыратынына байланысты моральдық жауапкершілігім бар екенін түсінем. Егер сот пен мемлекет басшысы қатарға қосылуыма мұрсат берсе, барлық білімім мен тәжірибемді ел игілігі үшін қолданып, ақтығымды дәлелдеуге дайынмын. Кез келген жағдайда мемлекетке, халыққа және ұлт көшбасшысына адал болып қаламын.

Пікір қосу