«Аңыз адам» журналының соңғы нөмірі театр, кино және опера режиссері, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетовке арналды. Бұл журналымызды («Аңыз адам») республикамыздың  барлық пошталарынан және қалалардағы газет-журнал дүңгіршектерінен  сатып алуға болады. Назарларыңызға журналист Шәріп Құрақбайдың актер, Ксро Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен сұхбатының бір бөлігін ұсынамыз ұсынамыз.

Өсек-аяңдарға шыдамады

– Асанәлі аға, Әзірбайжан Мәмбетов туралы әңгіме қозғағанда, есіңізге алдымен не түседі? 

– Әзекеңнің режиссерлік тағдыры – Арыстанбек Мұхамедиұлының қазір Мәдениет және спорт министрі болып жүрген кезін аздап еске салады. Үнемі үстінен арыздар жазылды, жамандау, сөз тасу, сөз есту… Сондай өсек-аяңдарға шыдамай Мәмбетовтың бірнеше рет арыз жазып, театрдағы жұмыстан кетіп қалған кездері болды. Айтпақшы, кезінде Әзірбайжанды қуадалаған адам, қазір министрдің де соңына түсіп жүр…

– Сіздің Тұңғышбай Жаманқұловты меңзеп тұрғаныңызды аңғардық. Олардың арасындағы түсініспеушілік қай кезде басталды? 

– 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде Әзірбайжан театрда директор, ал мынау актер болған. Екеуі театрдан шығып, ананың «Москвич» машинасына мініп, алаңға келген ғой. Бірақ сол жерде солдаттар жастарды ұрып-соға бастағанда, анау Әзекеңді тастап, қашып кеткен. Мәмбетов сол кезде соққыға жығылып, оңбай таяқ жеген. Тіпті, басын сапер күрегімен ұрып, ұстап алып кеткен. Содан бастап, Әзекеңнің денсаулығы нашарлай берді. Өмірінің соңында тіпті ұмытшақтық ауруына шалдықты. Бұл да сол алаңда алған жарақаттардың кесірі болса керек.

«Аңыз адам» журналы. №17, 1-15 қыркүйек, 2017

Пікір қосу