Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясы бойынша бір доллар теңгеге шаққанда 340,30 –ды құраған. Екінші дәрежелі банктерде долларды сатып алу құны 342,21 теңге болса, сату 340,5 теңге. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге жариялаған соңғы санкциясынан кейін Қазақстан президенті Н. Назарабев үкімет басшысын қабылдағанда экономикалық қиындықтардың болатынын айтқан еді. Экономикалық сарапшы Денис Кривошеев доллар бағамының таңғы сессияда 340 барғандығына өз басым таң қалмаймын дейді. Сарапшының пікірінше алдағы уақытта доллар тағы да теңгені қыспаққа алады.
Денис Кривошеев, экономикалық сарапшы:
Экономикалық жағдаймыз кереметтей жағдайда емес. Теңгеміз алдағы күні инфлякцияға түседі деп ойлаймын. Ендігі доллар бағамының тұрақтайтын жері 390 теңге. Оған нақты қашан баратынымызды айта алмаймын. Бізде төлем теңгерімі мен ішкі өндірісте,несие беру де үлкен проблемалар бар. Қыруар қаражат банк жүйесін қаржыландыруға кетті. ЭКСПО-да біраз ақша жұмсалды.