Түркияда немерелін бағып отырған әжелерге еңбекақы төленеді. Аналары да жұмыс жасайтын жас жұбайлар үшін бала тәрбиесі, оны қарау мәселесі бар бар екенін анық. Бала тәрбиешісін іздеу, оны жалдау артық шығын екені де рас. Бүкіл әлем әжелері аңсаған заңды Түркия үкіметін ойлап тауыпты.
Түркияда бала бағу жұмыс жасайтын аналар үшін үлкен проблема. 2017 жылдың ақпан айында ел үкіметі пилотты бағдарламаны іске қосқан.Яғни мемлекет немерелерін қараған әжелерге еңбекақы төлейге көшкен. Зейнетақысы 1000-нан 1800 лир ($ 250–450)алатын зейнеткерлер немерелеріне тәрбие беріп отырып-ақ қосымша қаражат таба алады. Бұл жоба Бурса мен Измир провинцияларында іске асырылған. Бастапқыда 1000 отбасы бұл жаңа заңнаманың игілігін көре бастаған. Алты айдан кейін, қортынды жұмыстардан соң бағдарлама Түркияның басқа аймақтарында да жұмыс жасайтын екен. Бұл бағдарлама әйелдерге толық жұмыс күніне шығуға, яғни көбірек ақша табуға жәрдемдеседі. « CNN Turk» еңбек және әлеуметті қамтамасыз ету министрлігі әжелер айынан 400 лир (€ 99 немесе $ 105) алатынын мәлімдеген.