Норвегия билігі өзгеше бағдарлама қабылдады. Скандинавиялық бұл мемлекет НАТО құрамында бірінші болып әйелдерді ерлермен тең дәрежеде әскери борышын өтеуге міндеттеді.


Ендігі кезекте «унисекс-казармаларды» құру. Бұл экспериментке үш ай болды. Әзірге бұндай бастамаға бәрі риза. Әсіресе норвегиялық сарбаздар. Бұрындары олар қыздарты түстерінде көруші еді. Енді бір казармада бірге ұйықтайды.


Әскери «жатахана» алты сарбазға арналған. Оның төрт төсегінде ерлер жатса, екеуі қыздарға тиесілі. Қыздарда саппен жүріп, кезекшілікке тұрады. Автомат асынып барлық оқу-жаттығуларға қатысады. Тек, шаштарын қысқа қиюға мәжбүрлемейді. Және вегетариандық меню ұсынады.

Пікір қосу