Астана әкімдігінің мәлімдеуінше, Елордадағы Назарбаев атындағы әуежайдың автотұрақ бағасы өзгермейді. Бұл туралы juldyz.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

На фото пост моего коллеги-Армана Шураева в фб. Он всеx,и меня в том числе, предупреждал через фб.Но было уже поздно. Меня ждала кругленькая сумма за паркинг в аэропорту Астаны. Внимание! 102000 тенге за субб и воскр.Мы прилетели в пн утром. Семейный уикэнд "вылетел в трубу". Это "нововведение" действует с 9 августа. Но,кто об этом слышал? Не было полномасштабного предупреждения в СМИ,об"явлений в общественныx местаx,листовок,брошюр… Это настоящий капкан! Как гражданин РК прошу акима столицы @Асет Исекешев, депутатов обратить внимание на ситуацию, сложившуюся в аэропорту Астаны! p.s. Честно говоря,пишу с трудом сдерживая гнев и возмущение… Как так можно?!

A post shared by Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit) on


https://www.instagram.com/p/BXwn-biF5kf/?taken-by=nurlan_alimzhanov_official
Ал «Формат» тобының әншісі Қайрат Баекенов өзінің инстаграм парақшасында өтініш жазғандығын және оларға 3мың теңгелік талон берілгенін айтып берді.

Ассалаумағалейкүм Достар! Интернетке енді қосылдым! (Шетелдемін) Пікірлеріңізге рахмет! "Төледік пе төлемедік пе" қазыр бәрін басынан айтып берейін) Оқиға былай болды. 12 тамыз күні "Формат" тобымен кезекті сапарға шықтық. Топ мүшелері Сәндібек және Гүлсім көліктерін Астана әуежайының автотұрағына қалдырып кетеді. Бір күннен кейін Астанаға оралған соң, өздеріңіз видеодан көрген жағдайға куә болдық. Әрине, біз бұл жағдаймен келіспедік. Сөйтіп кезекші диспетчерге барып шағымдандық. Жағдайды түсіндіріп, хабарсыз болғанымызды ескертіп, 57 мың теңгені төлемейтінімізді айттық. (Шамасы, келеңсіз жайтқа душар болған біз сияқтылардың қарасы көп сияқты көрінді. Бізден кейін қолында 100 мың теңгенің талонын ұстаған бойжеткенді өз көзіммен көрдім…) Осы жағдайлардың бәрін ескергеннен кейін бе, кезекші диспетчер біздің өтініш қағаз (заявление) жазуымызды өтінді. Сөйтіп қолымызға басқа талон, яғни 3 мың теңгелік талон жазып берді. Айтарым, мұндай өзгерістердің болғанынан бұқара халық дер кезінде хабардар болып отыру керек деп ойлаймын. Келешекте бұған жауапты адамдар орын алған мәселені реттеп, тиімді шешім қабылдайды деп ойлаймын. Бәрі жақсы болады деп сенемін ✊🏻

A post shared by Қайрат Баекенов 🇰🇿 (@kairat_baekenov) on

Пікір қосу