Рахат Әлиев. Тірі кезінде оны президент Н. Назарбаевтан кейінгі Қазақстанда екінші адам деп айтатын. Елбасының үлкен күйеу баласы ҰҚК-нің басшысы орынбасары, медиамагнат һәм аса дәулетті адамдардың бірегейі болды. 2007 жылы Р. Әлиев «Нұрбанк» топ-менеджерлерін ұрлады деп айыпталады.
Артынша қуғынға түскен Әливтан елдегі бір топ кәсіпкерлер қысастық көргендерін айтады. Басқа да жасаған істері айтыла бастайды. 2013 жылы Қазақстанның бас прокуратурасы оппозициялық саясаткер «А. Сәрсенбайұлын өлтіруге Рахат Әлиев тапсырыс береген» деп мәлімдейді. Р. Мұхтарұлы бұл мәселеге қатысты жауабын «Өкіл қайын ата» атты кітабында берген болатын. Тапсырыс берген адамдарды Қазақстанның жоғарғы басшылығы арасынан іздеу керек деп жазған-ды. Ақыры қуғынға түскен күйеу бала 2015 жылы Вена қаласындағы түрменің жалғыз кісілік камерасында асылып өлді деген қаралы хабар жетеді. 2016 жылы немісі сарапшысы Бернд Бринкман Н. Назарбаевтың бұрыңғы күйе баласы кісі қолынан қаза тапты деп мәлімдеген. Өлімі көп дау туғызған Қазақстан өлген саясаткерлердің өлімдері сынды Р. Әлиевтың да ажалы жұмбақ. Оның өзіне-өзі қол жұмсады деген ресми ақпаратқа сенбейтіндер де аз емес. ratel.kz сайтына сұхбат берген тележүргізуші, публицист Владимир Рерих те Әлиевтың өзіне қол салғанына сенбейтінін айтыпты.
Владимир Рерих: Р. Әлиев өзіне-өзі қол жұмсады дегенге сенбеймін
Рахат Әлиев өзіне-өзі қол жұмсады дегенге сенбедім. Ол жатқан түрмеде берік ілмек қайдан болсын? Бқның бәрі физика заңына қайшы емес пе. Халат пен сүлгі ілінетін ілмектер керегеге клей арқылы орнатылады. Халатты көтереді, алайда 75-80 келелік адамды көтеруі неғайбыл. Австрияның түрмесінде өзіне-өзі қол жұмсауы шындыққа жанаса бермейді. Түрме әкімшілігіне суицитқа бейім адамдар да мәлім. Жоқ. Сенбеймін. Басқаша жағдайда өлді деп ойлаймын.