1. Соңғы уақытта қазақ мектебіне баратын бірінші сынып оқушылары көбейіп жатыр. Демек, болашақта орыс тілін білетін кадрлар дефицитке айналады. Кеден, Еуразиялық экономикалық одақтың барын ескерсек, біз бәрібір солтүстіктегі көршімізбен қоян-қолтық араласамыз. Қазірдің өзінде біздің облыста мемлекеттік қызмет те еңбек ететін, екі тілді қатар меңгерген адамдар аз. Ағылшын тілін айтпағанда.
  2. Орыс тілін меңгерген баланың еңбек нарығында мүмкіндігі жоғары болады. Ертең мұнайымыз біткенде не болатыны белгісіз. Болашақта балаларым тек Қазақстанда ғана емес, ТМД мен алыс шетелдерде де жұмыс тауып алғанын қалаймын.
  3. Орыс тілінде түрлі бағыттағы ғылыми еңбектер көп. Менің жарым медакадемияда оқыған. Бүкіл курстары курстық жұмыс, лекция және басқа да ғылыми еңбектерді орысшадан қазақшаға аударды. Бұл бағытта Рауан Кенжеханұлы жетекшілік ететін «Wiki-білім» қорының жұмыс жасап жатқанына рахмет. Сондай-ақ, http://kitap.kz/ сайтын көруге және сақтап қоюға кеңес берем.
  4. Орыс сыныптарында оқитын оқушылар барынша еркін болады. Өз ойларын ашық айта алады. (Наглость у них — второе счастье ) «Халықтар достастығы» деген дүниені түсінеді.  Халықтар достастығы —  қазір маңызды термин. Жақсы бәсеке болады. ))
  5. Үштілділікті – заман талабы. Балалардың көп тіл білгені өте жақсы. Бұл өз ана тілімізден бас тарту дегенді білдірмейді. Керісінше, сен үйде қазақ тілінде көбірек сөйле. Бұл біздің таңдауымыз және жеке пікіріміз.

 

Бірден мені сатқын, мәңгүрт деп жазғырмауларыңызды сұраймын. Қазақ тілі күн сайын дамып келеді. Ауылдан шыққан талантты жастар бар. Қазақ мектебін аяқтап АҚШ-та білім алып жатқан. Деседе, біз орыс балабақшасы мен орыс мектебіне баруды шештік.

Ерлан Мусаев

дереккөз:yvision.kz

1 пікір

Пікір қосу