«Қоңыр» тобының бұрынғы әншісі Жазира Қошанова қазір Малайзия елінде өзін моделдік қырынан танытып жүр. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Малайзия еліндегі қазақ журналисі Талғат Қалжан өзінің инстаграм парақшасында былай дейді:

Таныдыңыздар ма?! Ия, ия «Қоңыр» тобының экс-мүшесі Жазира Қошанова. 10 жыл қазақ саxнасында миллиондаған көрермен көзайымына айналған қыздарыңыз, бүгінде Малайзияның подиумын бағындырып жүр екен. Куала-Лумпур қаласында өткен «RUNWAY FENOMENA AIDILFITRI 2017» сән апталығындағы шоуда жүз модельдің ішінде жалғыз «қазақ» қызын көргенде марқайып қалады екенсің. Барлығынан ең тартымды, жүзі жылысы Жазира болып көрінді 🙂 @zhazira_koshanova Қандас әрі бауыр болған соң ба, бір бүйрегің бұрып тұрады екен. Подиумға шыққан сайын тақымыңды қысып отырасың 🙂 Оның үстіне кей модельдер биііік тақаларын бағындыра алмай, саxнада бірнеше рет шалқасынан түскенін көргенде үрейлендім. Қыздарыңыздың жағдайы жақсы, аздап елге,туған-туысқа деген сағынышы бар екенін айтты. Қылығына қырық жігіт жылқынсада, сыр бермеген бойжеткен сол қалпында. Сыпайы, етек жеңі ұзын киіммен өнер көрсетті. Уақыттың аздығынан ұзақ тілдесе алмадық. Дегенмен, алдағы уақытта жаңалығымен бөлісіп, видео арқылы сіздерге сәлемдеме жолдауға уәде берді. Ендеше, сұрақтарыңызды жолдай беріңіз. Келесі кездескенде міндетті түрде сұхбаттасып, сауалдарыңызға жауап алуға тырысамын.

#fotoshoot #foto? #model #modellife #malaysia?? #malaysiafashion #kualalumpur #kuala_lumpur ??

A post shared by @zhazira_koshanova on

Пікір қосу