ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай танымал журналистер бейнебаян түсірді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

Бейнероликте Қанат Әуесбай, Дана Нұржігіт, Ирина Тен, Талғат Байғожинов, Майра Төлепберген, Руслан Ыдырысов сынды танымал тележүргізушілер Тұманбай Молдағалиев пен Нұрғиса Тілендиевтің «Туған жер» әнін бірге орындайды және журналистік өмірдің қызықтары көрсетіледі.

Айта кетейік, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді.  Ал 2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.

Пікір қосу