«МұзАРТ life» тобының қандай жаңалықтары бар екенін анықтау мақсатында Juldyz.kz экслюзивті сұхбат жариялау мүмкіндігіне ие болып отыр.

– Жігіттер, топтарыңыздың аты «МұзАРТ life» болып қалатын болды ма?

– Негізінде неше түрлі атаулар іздедік. МұзАРТ деп атауын қойған ағаларымыздың барлығын қозғадық.  Ол кісілер 6 ай топтың атауынсыз жүрген екен, солар сияқты біз де 6 ай ат іздедік. Дегенмен бізге бұйырып тұрғаны «МұзАРТ life» сияқты.

–  Қазіргі таңдағы жұмыс барысы қалай?

– Қазір күні-түні дайындықтамыз. Биіміз бар, вокалымыз бар, әркімнің өзіндік тұлға ретінде ізденіс үстінде жүретін кездері болады. Кез келген жерде фонограммасыз ән айтуға тырысамыз. Жанды дауыста айтқан біз үшін өте тиімді. Сонымен де ерекшеленетін боламыз деп ойлаймын.

– Дегенмен МұзАРТ-тың ізбасарларын бүкіл Қазақстан болып таңдадық. Әрине, сіздерден үлкен нәтиже күтеміз…

– Рас. Біз енді бүкіл елдің назарында жүреміз және «ақырын жүріп, анық басуды» көздеп отырмыз. «Құласаң нардан құла» деген тәуекелге бара алмайтын сияқтымыз. Себебі, біз өзіміз көздеген биіктікке асықпай, саты-сатымен, әр баспалдағын дұрыстап басып шыққымыз келеді. Мысалы, бірден тауға шыққан адам жоқ қой. Болған күннің өзінде жолдағы кедергілерді білмейді, құлап, төмен қарай құлдилауы да жеп-жеңіл болады. Ал біз әрбір жеңісіміздің дәмін сезініп, сүрініп-құлап болса да, өз соқпағымызбен жүргенді қалаймыз.

Шоу-бизнесте жеке өмірлерін жасыратындар көп. Жеке өмірлеріңізді қаншалықты құпия ұстайсыздар?

Нұрхат Сегізбай:

Жалпы әр адам өзі үшін отау құрады, өзі үшін өмір сүреді. Әзірге барлығымыздың басымыз бос. Бірақ, Алла қалап үйленетін болсам, үйленгенім туралы өз ортамда ғана айтылатын шығар. Оны желілерге салмайтын сияқтымын.   

Сұлтан Ахмет:

Жеке өмір дегеннің атауы да жеке деп тұрған жоқ па?! Бәлкім болашақта ойым өзгеріп кетер. Бірақ, шындығында, өз өмірімді жария қылғым келмейді. Біреудің жақсы пікірін, біреудің теріс пікірін естіп жатқаннан көрі, тыныш жүргенің жақсы сияқты.

Серікболсын Кішкенбаев:

Той деген – үлкен қуаныш. Ондай қуаныштарды бөліспей жүре алмаймын. Жалпы кейін үйленіп жатсам, қайта-қайта емес, тыңдармандарыма «Мен үйлендім» деген бір суретті көрсетемін. Егер инстаоқырмандарымнан сұрақтар келіп жатса, жаңалықтарыммен бөлісемін.

Әзиз Балтабекұлы:

Менің болашақ жарым өнер адамы болатын сияқты. Енді адамның емес, Алланың қалауы болады ғой, дегенмен ішім сезеді. Себебі сахнада жүрген Мирас пен Құралай, Қыдырәлі мен Қарақат, Тоқтар мен Бейбіт аға-әпкелеріме қарап қызығамын. Мен өнер адамы болсам, жарым өнер адамы болса, оны жасыра алмайсың ғой.

 

???

A post shared by Азиз Балтабекулы (@azizbaltabekuly) on

Керек болса сахнаға осы отырған футболка-шалбарларымызбен де шығып кеткіміз келеді. Өйткені біз киімімізді емес, өнерімізді көрсетеміз ғой. Әлемдік дамыған елдердің сахналарындағы образдарды көрдіңіздер ме? Оларда киімге шашылу деген түсінік жоқ. Көшеде жүрген киімімен сахнаға шығып кетсе де, өкпелеп жатқан халық та жоқ. Олар тек сахнада сүйікті әншілерінің өнер көрсеткеніне қуанады.

– Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

– ЕХРО бар, Алла қаласа екі бейнебаян түсіру жоспарда тұр. 3 шілде күні Орталық Концерт залында МұзАРТ-тың шығармашылық концерті өтеді. Сол кеште ағаларымыздың шәкірті, ізбасары ретінде біз өнер көрсететін боламыз.

Пікір қосу