Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ағасы Максиммен бірге Алматыға келді. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Боксшы «Big Bear» (АҚШ, Калифорния штаты) лагеріндегі жаттығуын осы айдың орта тұсына қарай бастайды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 16 қыркүйек күні мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді деп ресми хабарланды.

Пікір қосу