Режиссер Қанағат Мұстафин «16 қыз» романтикалық фильмінің жалғасын түсіруде. Бұл туралы brod.kz-ке сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

Режиссер жаңа бөлімді «Ең сұлу қыз» («Самая красивая») деп атады, оны алдыңғы бөлімінен өзгеше қылып, қылмыстық комедия жанрында таспаламақшы.

««Ең сұлу қыз» картинасы бұрынғы жайдары кеңестік фильмдер бағытында қылмыстық роуд-муви ретінде түсірілмек. Картина құрылымы мен стилистикасы жағынан «Тұтқын кавказ қызы» («Кавказская пленница») және «Гауһар тасты қол» («Бриллиантовая рука») фильмдеріне ұқсас келеді. Қазіргі таңда фильмнің 80%-ын түсіріп біттік. Біз 21 түсірілім күні жоспарланған. Тобымыз тығыз кестеге қарамастан, жұмысты ойдағыдай үйлесімді түрде істеуде. Бұл таң қаларлық жағдай да емес. Өйткені, жігіттер бірінші рет бірге жұмыс істеп жатқан жоқ. осы топпен біз «16 қыз» комедиясын түсірген болатынбыз»,-деп түсіндіре кетті Қанағат Мұстафин.

Қанағат Мұстафин: ««Ең сұлу қыз» фильмі Грозныйда түсірілу керек болатын». Қазақстан киносы

Фильм жалғасында да хикая қайталанатын болады. Бірақ, қалыңдықты бойдақ Саматқа іздейді. Алайда, жігіттің тағдыр қосар жарын іздеу қауіпті шытырман оқиғаға ұласады. Самат пен оның достарына 20 миллион доллар тұратын құмыраны ұрлады деген айып тағылып, кейіпкерлерге іздеу салынады.

«16 қыз» фильмінде негізгі оқиға Бауыржан (Берік Айтжанов) мен Айжанның (Аша Матай) арасындағы романтикалық махаббатқа құрылған болса, «Ең сұлу қыз» картинасында бірнеше толыққанды сюжеттік желісі бар. Бұл жолы басты кейіпкер Самат пен оның ғашығы Лейланың, құмыра ұрлығын зерттеп жүрген милиционердің және антиквариатты қолға түсіруді көздеп жүрген бұзақылардың хикаясы көрсетіледі.

«Ең сұлу қыз» фильмін негізінен Грозныйда түсіру керек болатын. Өйткені, жоба Қазақстан мен Шешен Республикасының коөнімінің шеңберінде түсіріліп жатыр. Бірақ, продюсерлер техникалық және қаржылық жағдайларға байланысты картинаны Алматыда түсіруді ұйғарды. Сондықтан, біз қаламыздың бар әдемілігін көрсетуге тырыстық. Фильмде қаламыздың ең көрікті жерлері: «Көк-Төбе» саябағы, «Сұнқар» шаңғы трамплиндер кешені, «Медеу» және .тб. көрсетіледі. Картинаның бірінші көріністерінен қазақ халқының ең маңызды салт-дәстүрінің бірі «тұсау кесу» рәсімін көре аласыздар»,-деді режиссер.

«Ең сұлу қыз» картинасының түсірілімі биылғы жылдың 12-мамырында басталған. Көрермендер шытырман оқиғалы фильмнен бұрынғы кейіпкерлерді Берік Айтжановтың, Аша Матайдың, Дәурен Айдарқұловтың, Қуаныш Долдаевтың орындауында көре алады. Сонымен қатар, жаңа кейіпкерлерді Әсел Асқар, Мұрат Бисенбин, Ғани Құлжанов, Асан Мәжит сынды актерлар сомдайды.

Айта кетейік, Қанағат Мұстафинның хабарлауынша, қазақстандықтар кинотаспаны 2017 жылдың желтоқсан айында тамашалайтын болады.

Пікір қосу