Ресейде жетінші рет өнер адамдарының арасында футболдан «әлем чемпионаты»  ұйымдастырылып жатыр. Бұл ойындарда біздің елдің намысын  «Алатау» футбол командасы қорғайды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Алғашқы күні-ақ Аргентиналық  «әріптестерінен» есе жібермеген қазақстандық ойыншылар 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Мұқасан Шахзадаев, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Алдыңғы жылы 16 мемлекет еді, биыл білуімше 26 мемлекет қатысады екен. Біз бірінші орынды алып келуді көздеп отырмыз. Әрине, ол жақты әділетсіздік орын алып кетуі мүмкін. Себебі, ресейліктер үшін біздің мемлекет жеңгеннен көрі, Германия, Англия, т.б. сияқты елдердің бірінші орын алғаны тиімді. Бұйырғаны болар. Біз барымызды саламыз.

Айта кетейік, біздің командада Мұқасан Шахзадаев, Әділ Ахметов, Қуаныш Керімқұлов,  Ерлан Малаев, Нұржан Керменбаев, Аян Бірбаев сияқты өнер иелері бар.

Пікір қосу