Бота Бақытжанова — еліміздегі жас дизайнерлердің бірі. Ол жас дизайнерлер конкурсы «Open Way-2013» байқауының финалисті, «Bibotta» брендтік киімдер топтамасының директоры. Жас дизайнер өзінің жаңалықтары және алдағы жоспарларымен juldyz.kz порталына берген сұхбатында бөлісті.

— Бота, бренд атауын неге «Bibotta» деп атадыңыз?

— Дизайнер болардың алдында жеке ат тауып алу керек болды. Сол кезде көп ойландым. Достарым әртүрлі пікірлер айтты. Содан тегім мен есіміммен байланыстырғым келді. Яғни, Бота Бақытжанованы «Bibotta» деп қысқарттық. Осылай әдемі атау қойылды. Мен Қазақстан ғана емес, шетелде де атауға ыңғайлы атау іздеп, ақыры осыны қойдым.

 — Кішкене кезіңізден дизайнерлікті армандадыңыз ба?

— Мен 2-сыныпта-ақ дизайнер болатынымды шешіп қойдым(күлді). Әжем тігінші болған. Бірақ, мен оны ешқашан көрмегенмін. Содан берілген шығар. Кішкене кезімде көйлектің суретін салатынмын. «Кім боласың?» деп көбі сұрайтын. «Дизайнер боламын» деп жауап беретінмін. Әлі сол шешімді өзгерткен жоқпын (жымиды). Мектепті бітірген соң Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжіне оқуға тапсырдым. Дизайнер мамандығы бойынша тәмамдадым. Кейін «Сымбат» академиясына оқуға түстім.  Бірақ, мен колледжден кейін  дизайнер болып кеттім (жымиды). «Қазақстан сән апталығы» ұйымдастырған ТМД арасындағы  дизайнер конкурсына қатыстым. 93 адамның ішінен 10 адам финалға өттік. Өкінішке орай, ұтпадым. Сайыс біткеннен кейін қатты жылағанмын. Содан маған арт-директор келіп, «маған жұмысың ұнады, мен саған грант беремін» деп ұсыныс жасады. Сөйтіп, ақысыз түрде сән апталығында өзімнің топтамамды көрсетуге мүмкіндік алдым. Содан кейін көптеген конкурстарға қатыстым. Алғашқы жетістігім осы конкурс еді.

#IED Как то увидела конкурс, который организовывал Миланский институт Дизайна Instituto Europeo di Design ( IED) , "Fashion For Future" в честь Expo-2017. Решила поучаствовать, конкурсы очень хороши для развития. Прошла в финал из 60-ти участников , поехала в Астану, где нас судили жюри. Делала презентацию на английском языке. Итальянцу, который сидел в жюри понравились мои работы , показала ему ещё свой Инстаграм? Сегодня пришли результаты. Мои работы выбрали для выставки Expo-2017 во время Миланской Недели Моды .в апреле. И также буду выставлять свою коллекцию на Expo-2017 в Астане. ❣ Тоже результат ?

A post shared by Fashion•clothing (@bibotta_) on

 — Одан кейін қандай сән апталығына қатыстыңыз?

— 3 рет сән апталығына қатыстым. Бір күні Американың консулы Америкаға баратын дизайнерлерді қарастырды. Тәжірибе алмасу үшін 10 дизайнерді таңдады. Ең соңғы болып мен өттім(күлді). Бұл сән апталығы маған үлкен тәжірибе болды.  Ол кезде 20 жаста болғанмын. Одан  кейін Грузия ұйымдастырған италиялық конкурсқа қатыстым. Қазақстаннан 2 адам іріктелді. Өте күшті қарсы алды. Жоғары, беделді оқу орындарының мұғалімдері бізге лекция оқыды. Соларды тыңдадық. Соңғы күні ғана конкурс өтті. Онда да орын алған жоқпын. Бірақ, соның өзінде менің жұмыстарыма оң көзқарастарын танытты. Бұл конкурста да мен үлкен тәжірибе жинадым.

— Дизайнерлік үйіңізді қашан аштыңыз?

— 1 жыл бұрын аштым. Одан бұрын үйде тігетін тігіншілермен жұмыс жасайтынмын. Эскиздерімді соған апарып жүрдім. Клиенттермен өзім жұмыс істедім. Өте қиын болды. Ательені ашуға жүрексіндім. Бірақ, ашқыт келді. Ашқан кезде  бір тігінші, бір ательем болды. Басында бәрін өзім піштім. Алған тігіншім дұрыс тіге алмайтын. Екеуміз бірдеңе ғып шығаратынбыз (күлді). Қазір 4 тігіншім, конструктор, көмекшім бар. Үлкен ұжымыз бар.

Картинки по запросу бота бакытжан

 — Неге қазақы стильді таңдадыңыз?

— Жас болғаннан соң болар. Мен күнделікті өмірге сай етіп қазақы киімдерді жасағым келді. Оюларды көбісі тек көйлектерде ғана қолданады. Сосын оны сән-салтанатта киеді. Мен ондайды қаламаймын. Оның үстіне бір оюды әр жерге жабыстыра береді. Ол онша жақсы көрмейді. Содан кейін теріден, былғарыдан өзім ою ойластырып, өзіме тән стильмен жасадым.

 — Материалды қайдан аласыз?

— Алыпсатарлардан аламын. Алматыда мата өте қымбат. Көбінесе Корея мен Қытайдан алдыртамыз.

 — Кезінде «Ая Бапаниден шабыт аламын» деген екенсіз. Қазір ше?

— Ол бұрында ғой (күлді). Қазір шабыт сыйламайды ол кісі. Өйткені, алғашқыда Ая Бапани коллекциясы ұнайтын. Қазір жамандағаным емес, Ая Бапанида өсу жоқ. Әлі сол қалпы. 3 жыл бұрын не жасады, соны қазір қайталап жүр. Ал дизайнер әр қадам сайын өсіп отыру керек.

?#NewArrivals #tshirt #новинка ?? Футболки НЕГЕ? Цена: 4500 тг Инфо: Direct ?

A post shared by Fashion•clothing (@bibotta_) on

— Қазіргі дизайнерлерден кім ұнайды?

— Айнұр Тұрысбек, Алексей Чжен ұнайды.

 — Киімдеріңіздің бағасын қалай қоясыз?

— Матаның, жұмыстың, тігіншінің бағасын бәрін есептеп, ортақ баға қоямыз. Соның өзінде барынша қолжетімді жасауға тырысамын. Маған өнімімді қарапайым адамдардың тұтынғаны ұнайды.

 — Футболка, толстовкаға жазу идеясы қайдан келді?

— Шетел дизайнерлерінде ағылшынша сөйлем жазылғандарды көріп қызығатынмын. Соны қазақшалағым келді. Ең бірінші «Жолыңнан тайма!» деген жазуды жаздым.

 — Алғашқы өніміңізді сатылымға берген кезіңізді еске алыңызшы…

— Ең алғашқы кезде тәжірибем болмаған. Көп нәрсені білмейтінмін. Сән апталығынан жолдама ұтып алдым. Бірақ, ештеңе түсінбедім (күлді). Материалды өзім таңдай алмадым. Алғашқыда арзан материал алып қойыппын. Бірақ, түрі әдемі болған. Айтқан материалдан көйлекке принт жасағанмын. Принт бастыру үлкен шаруа болды. Оны көп іздедік. Бірақ, әдемі шықты. Алғашқы көйлектерімде ою мен қыздың суреті ғана болды. Сол топтамадан жарты көйлектер ғана сатылды. Қалғандарын сақтап қойдым өзіме. Бірінші топтамам сатылған жоқ, екінші топтамамды сата бастадым. Сол кезде бомберді ойлап таптым. Ең көп сатылған солар болды. Қазір коммерциялық дизайнер секілді жұмыс істеймін. Жұмыстарымды тек сатумен айналысамын. Қазір «Есентай Mall»-да, «Достық Плазада» менің топтамаларым сатылады. Бұйырса, Ақтауда, Оралдан ашамын. Барлық қалаларда ашу ойымда бар. Негізі интернет арқылы тапсырысты жеткіземіз.

 — Қандай жұлдыздармен жұмыс жасайсыз?

— Қазір ешқандай жұлдызбен контрактіге отырмағанбыз. Жұлдыздармен жұмыс жасауымның басы қызық болды. Бірде Димаш Құдайбергенов универсиадаға келгенде жекесіне шығып жазған едім. Бойына ыңғайлы етіп, плащ тігіп бердім. Димаш өте ашық бала екен. Дос боп кеттік. Содан кейін сол киіммен Димаш Ұлықпан Жолдасовтың үйіне барып фотоға түсті. Кейін аэропортқа барып, Қытайға сол киіммен ұшып кетті. Сенесіз бе, дәл сол кезде Қытайдан көп тапсырыс түсті. Олай болады деп ойламадым. Жай ғана өзім Димашпен танысқым келген. Одан біраз уақыттан кейін Денис Тенге де өз киімімді тарту еттім. Мен кішкентай кезімде Денис Тен Сочида Олимпиадада өнер көрсеткенде теледидардан көргенмін. Сол кезде «Денис менің киімімді киеді» деп ойша елестететінмін. Денис Тен Алматыға келгенде жаздым, кездестік. Мен оған киім сыйладым. Қазір достасып кеттік.

 — Ең біріші рет жұлдыздардан ұсыныс келген кезді айтып берсеңіз.

— Мен басында актриса Айсұлу Ізімбаевамен фотосессия жасағанмын. Кейін ҒМ тобы өздері менің топтамаммен суретке түсуге келген. Ең алғашқы киім тіккен группам — «91» тобы. Оларға өзім хабарластым. Қалай болғанын айтып берейік.  2015 жылы корейлік әншілерге қызығып жүргенмін. Содан анам «елімізде корейлерге ұқсас әншілер пайда болыпты» деді. Елең ете қалдым. Өйткені, корейдің стилі маған ұнайтын. Инстаграмнан «91 тобын» таптым. Шынын айтқанда, мені жұмыс жағынан бастапқыда «91 тобы» қызықтырған емес. Өйткені, мақсатым басқа болды. Сымбатты, дауысы да бар досым болды. Соны «91 тобына» кіргізгім келді (күлді). Содан менің менеджерім оларға хабарласты. «Бізде осындай ұл бар, дауысы да жақсы, егер соны алсаңыздар, дизайнер де бірге барады» деді. «Жарайды, келіңіздер» деп келістік. Біз досымыздың видеоларын оған жібергенбіз. Алайда, кәсіби болмаған соң дауысы жетпей қалды. Сол себепті оны алмады. Бірақ, маған  Ерболат аға: «сенің жұмыстарың ұнады. бірге жұмыс жасайық» деп ұсыныс білдірді.

         «91» тобымен алғашқы фотосессиямызды дәретханада жасадық (күлді). Әлеуметтік желіден көрген боларсыздар. Олай істемеске амалымыз болмады. Өйткені, «Достық Плазадағылар» бізге суретке түсуге мүмкіндік бермей қойды. Бәрімізді сыртқа қуып шықты. Сосын біз дәретханаға түсіруге мәжбүр болдық. Қазір олармен жұмыс істемейміз.

 — Неге?

— Контракт бітті. Өзім де кетем деп шешкен. Бірақ, реніш жоқ.

 — Қазір тұрақты кіммен контрактпен жұмыс жасайсыз?

— Ешкіммен. Әншілердің көбі тапсырыспен ғана алып тұрады. Олардың ішінде Мәди Рымбаев, Зируза, «Алашұлы» , «Ұлытау» бар. Мен 7-сынып оқып жүргенде «Ұлытауды» теледидардан көрдім де, «мыналарға киім тіксем ғой» деп армандадым. Сөйтіп, бір күні Қыдырәлі Болмановтың менеджері хабарласты. Ұсыныс тастады. Өздері қалағандай етіп тігіп бердім.

Приходите в Президентский парк на ALMA FEST ? #bibotta

A post shared by Fashion•clothing (@bibotta_) on

 — Өзіңіз қайдан киінесіз?

— Өзім «өзімнен» киінемін(күлді). Киімге қатты қызықпаймын. Ұнаса ала беремін.

— Қандай жаңалықтарыңыз бар?

— Наурыз айында ЭКСПО көрмесіне байланысты италиялық конкурсқа іріктеу болды. Соған дайындалып жатырмын. Бұйырса, көрмеден менің топтамаларымды көресіздер деп ойлаймын. Одан бөлек қазанда сән апталығына қатысамын. Тағы да Мәкеуге сән апталығына шақырған. Бірақ, дайын емес болғандықтан қарсы болдым.

Сұхбаттасқан Айзада Жайыққызы,

Гүлім Рысқұл

1 пікір

Пікір қосу