«Қазақстан» телеарнасында «Қызыл алма» көпсериялы фильмінің көрсетілімі басталды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Жаңа отандық хикая отбасылық құндылықтар мен адамгершілік тақырыбын қозғайды.

«Қызыл алма» хикаясының басты кейіпкері – қолөнерші Рүстем. Оның туған ағасы қайтыс болады. Қазақтың «әмеңгерлік» салты бойынша, ол жесір қалған ағасының әйеліне үйленеді. Біраз уақыт өткен соң, кейіпкер отбасын асыраудың оңай еместігін түсінеді. Рүстем дарынды шебер болғанымен, оның мамандығы көп пайда әкеле қоймайды. Тағдырдың қиындығына қарамастан, отбасы мүшелері мойымай, туындаған мәселерді бірігіп шешуге тырысады. Телехикая кейіпкерлердің рухани күйзелісін, жақындары мен туыстарына деген сенімін көрсетеді.

Айта кетейік, кинокартинаға Сырым Қашқабаев, Махаббат Мадғұлова, Сәуле Жақсылық, Назерке Өмірова және т.б. түскен.

Пікір қосу