Әнші, сазгер Құрмаш Махан шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Ол  «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.

«Үлкен сахнаға шыққаныма биыл – 20 жыл. Осы 20 жылдыққа байланысты биыл немесе келесі жылы жеке әншілік концерт беремін. Одан басқа қазір Қазақ ұлттық өнер университетінде студенттерге эстрадалық ән салу пәнінен сабақ беремін. Ол жерге балалар мектептен дайындықпен келеді. Шәкірттерімізді байқауларға жіберіп тұрамыз. Әр адам қолынан келетін нәрсені, өз мамандығымен жұмыс жасау керек. Икемі жоқ жасты дайындау оқыту орнына да, ұстазға да, балаға да тиімсіз. Қай сала болса да өз маманымен толықпаса, қоғам кері кетуі мүмкін», — дейді әнші.

Пікір қосу